top of page

Жас  мамандар күні

   №11 жалпы орта білім беретін мектепте 26 қаңтарда жас мамандар күні өткізілді.  Өткізілген апталықта консультация орталығының 17 мүшесі, яғни жас мамандар,  оқу бағдарламасына сай өздері таңдаған сыныптарда   ашық сабақтар жүргізді. Жүргізілген ашық сабақтарға мектеп әкімшілігі, ұстаздар,машықтандыру жетекшілері мен машықкерлер, жас мамандар қатысты.

     Рахметова К.Б., Болатбергенова М.К., Орманбеков Б.Д., Амангельдыева Ы.А. -ның    өткізген сабақтарында  жас мамандар оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, оқушылардың  пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында  ойын технологиясы арқылы жұппен жұмыс түрлерін  , оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда топпен жұмыс түрлерін , БЖС және  компьютерлік технологияларды жақсы игергенінің куәгері бола алдық.

        Жас мамандар дәстүрлі емес сабақ түрлерін де  пайдалана отырып, саяхат және сахналау  сабақтарын  өте жоғары деңгейде ұйымдастыра білетінін бастауыш сынып мұғалімдері мен  мектепалды даярлық топтарының тәрбиешілері  Бапсалова А.Б. ,Исаинова Ж.Ж.,  Сергалиева С.М., Тунгатова  А.Б.-ның .сабақтарынан байқалды. Жеке тұлғаның рухани  адамгершілігін дамытуда «Бөбек»қорының бағдарламасы бойынша енгізілген «Өзін-өзі тану»пәнінің қосып отырған үлесі мол екенін Кулакова А.С., Балагазинова А.С.-ның өткізген атап өтуге болады.

КГУ "Средняя общеобразовательная школа №11" ГУ "Отдел образования г. Семей ВКО"

КГУ СОШ 11 Семей

  • Белая иконка facebook
bottom of page