top of page

«Менің атым Қожа» шығармасы бойынша 5-6 сыныптарға арналған сұрақ-жауап сағаты өткізілді

 

2018 жылдың 17 қаңтары күні мектебімізде «100 кітап» жобасы   аясында Бала жүрегіне жол тапқан... деген атпен Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасы бойынша 5-6 сыныптарға арналған сұрақ-жауап сағаты өткізілді. 

Оқырмандар «100 кітап» жобасы шеңберінде  «Менің атым Қожа»  повесін сынып болып оқып келіп, шара барысында жазушы шығармашылығымен толығырақ танысып – ой тастау; ой шақыру; ой толғау; ой қорыту бағыттарында сұрақ-жауапқа белсене қатысып, өздері шығарған өлеңдерін оқып, салып келген суреттерін қорғады.

Тақырыпқа сәйкес кітап көрмесі ұйымдастырылып, кинофильмнен үзінді тамашаланды.

Осы жоба  Қалмақан Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» атты хикаятын оқумен жалғасын табады.

 

 

                                      Кітапхана меңгерушісі: Бахтинова Д.Б.

КГУ "Средняя общеобразовательная школа №11" ГУ "Отдел образования г. Семей ВКО"

КГУ СОШ 11 Семей

  • Белая иконка facebook
bottom of page