
23 желтоқсан 2016 жылы «№ 11 ЖОББМ» КММ-де дене шынықтыру мұғалімдерінің қалалық семинары өтті, оған қала мектептерінен 53 дене шынықтыру мұғалімдері қатысты. Семинар тақырыбы: «Дені сау ұрпақ – мемлекет болашағы!». Семинар келесідей әдістемелік мақсатты ұстанды: дене шынықтыру мұғалімдерінің оқушылардың денсаулықтарын нығайтуда, белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруда, мектептегі шеберлік құзіреттіліктерін дамытудағы жұмыстарын жүйелі жүргізу.
Семинардың теориялық бөлімінде қатысушыларға мектептің дене шынықтыру мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жетекшісі С.Б. Бобровник мектептегі әдістемелік және сабақтан тыс жұмыстарды презентация түрінде таныстырды. №11 жалпы орта білім беретін мектептің дене шынықтыру мұғлімдерінің сабақтан тыс жұмыстары, спорттық және әдістемелік жұмыстарының материалдарынан жасалған үлкен көрме жұрт назарына ұсынылды.
Іс-тәжірибелік бөлімде семинарға қатысушы мұғалімдер I санатты дене шынықтыру мұғалімі М.К.Нурпеисовтың «Гимнастика» тақырыбындағы ашық сабаққа қатысты. Сабақта оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданылып, жоғары педагогикалық деңгейде өтті. Семинар қатысушылары тарапынан жоғары бағаланды.

