
«Қыз Жібек» жыры бойынша әдеби-сазды қойылым өткізілді
2017 жылдың 13 желтоқсаны күні мектебімізде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «100 кітап» жобасы аясында «Қыз Жібек» жыры бойынша әдеби-сазды қойылым өткізілді. Атаулы іс-шараға 9-11 қазақ сыныбының оқушылары белсене қатысты.
Оқушылар «100 кітап» жобасы шеңберінде «Қыз Жібек» жырының сюжетімен толықтай танысты. Шара барысында «Қыз Жібек» жырына слайдты саяхат жасалып, кинофильмнен үзінді көрсетілді, сондай-ақ, оқушылардың қатысуымен драмалық шығармадан қойылым ұсынылды. Оқушылар өнері ортаға салынды. Жырдың мазмұны негізінде тақырыптық сұрақ-жауап арқылы ой түйінделді. Тақырыпқа сәйкес «Қолөнер» және «Бір кітап» көрмесі ұйымдастырылды.
«Қыз Жібек» жырының әдеби-сазды қойылым түрінде өткізілуінің мақсаты: кітапты сынып болып оқу негізінде басты кейіпкерлер Төлеген мен Жібек бейнесі арқылы – махаббатты, достықты қадірлеуге, сөзге тұрақты, сезімге берік болуға, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды дәріптеуге тәрбиелеу, оқырмандардың сөйлеу мәнерін жетілдіріп, шығармашылық қабілетін, тіл байлығын, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын дамыту көзделді.
Атаулы жоба Шәкәрім Құдайбердіұлының «Ләйлі-Мәжнүн» атты дастанын оқумен жалғасын таппақ.
Кітапхана меңгерушісі: Бахтинова Д.Б.



