
"Қазақстан - құқықтық мемлекет" атты дөңгелек үстел
Тарих және құқық пәнінің мұғалімі Токашева Кымбат Касымовна 9 сынып оқушыларына заңгермен және мектеп инспекторымен "Қазақстан - құқықтық мемлекет" атты дөңгелек үстел өткізді
Іс-шараның мақсаты:
1. оқушыларға құқықтық мемлекет деген не және оның белгілерін түсіндіре отырып, құқықтық мемлекеттің мақсаты мен қажеттілігін, құқықтық мемлекет құру жолдарын ашып көрсету.Құқықтық заңдар нормасын қатаң сақтай отыра,елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу.
2. заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу
3. оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру,отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Іс-шараның қонақтары: мектеп инспекторы Сазанбаева Алмагуль Нурланбековна және қалалық орталық семялық фонд юристі Омирбаева Руфия Турсунгалиевна
Іс-шара өткізілу барысында оқушылар тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды,слайдтық презентациялар көрсетілді және арнайы шақырылған қонақтарға сөз берілді.Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып кеш қонақтарына ,қанағаттарлықтай жауап алды.



