
«Адал ұрпақ» еріктілер клубында
Мектеп оқушылары арасында сыбайластық-жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудан мектептерінде «Адал ұрпақ» клубтары құрылды. «Парасатты азамат» арнайы бұрыштар жасалып, клубтың атқарылған жұмыстары туралы мәліметтер берілуде.
Жуықта «Мәңгілік ел» орталығында аудандық «Адал Ұрпақ» клубының мүшелерімен «Адал өмір сүру-абзал қасиет» атты тренинг өтті. Мақсаты: Оқушылардың бойына адалдық қасиеттерді қалыптастыру,адал еңбек алға жетелейтінін түсіндіру.
«Еңбек бәрін жеңбек» тақырыбында оқушылар жоба жасап, өз ойларын жинақтап қорғады. «Адалдық кімге көмектеседі» тақырыбында балалар түрлі мамандық иелеріне адалдық қалай көмектесетінін айтып, өз пікірлерін білдірді. Алдағы уақытта еңбек адамдарымен кездесулер, ата-аналарының кәсіп орындарына экскурсия жасау т.б. жобаларда жоспарланған. Мектеп ішінде «Адал ұрпақ» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алатын, бойында рухани –адамгершілігі, патриоттық сезімі бар жастарды тәрбиелеу мақсатында құрылды. Клубтың ең алғашқы жұмысы оқушыларды клубтың мақсатымен, алдына қойған міндеттермен таныстырып, жоспар құрылды. Оқушылар сыбайлас жемқорлық бойынша шығарылған заңмен таныстырылды. Мектеп ішіне қойылған «Сенім телефоны» туралы ескертулер жасалынып, оқушыға өздерін ойлантып жүрген мәселелерденн шығар жолды сол жәшік ішіне салған сауалдарға жауап беру барысында таба алатындықтары айтылды. Жоғарғы сынып оқушыларымен «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен бопсалауды болдырмаудың алдын алу» тақырыбында әңгіме сағты өтіп, оқушыларға заңның қаншалықты адам өміріне қажеттігі барлығын, адами қасиеттерден ада болмау керектігін айта отырып ,оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке шақырып, өмірден дәлелдер келтіріп , ақпарат бере отырып, әңгімелестік. Екінші бір істелген жұмыс «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?» деген сұраққа жауап іздедік, сауалнама алдық. Оқушылар алдында сынып жетекшілер осы жайлы ақпарат бере отырып, бала ойы тыңдалды. Олар алып келген ақпараттар ортаға салынды. Оқушылар сыныптарында суреттер сайысына дайындық үстінде.


