
Жас мамандар күні
№11 жалпы орта білім беретін мектепте қаңтар айының 21-23 аралығында жас мамандар апталығы өткізілді. Өткізілген апталықта консультация орталығының 15 мүшесі, яғни жас мамандар, оқу бағдарламасына сай өздері таңдаған сыныптарда ашық сабақтар жүргізді. Жүргізілген ашық сабақтарға мектеп әкімшілігі, ұстаздар,машықтандыру жетекшілері мен машықкерлер, жас мамандар қатысты.
Осы апталықта әр жас маман жаңартылған бағдарлама бойынша мазмұн мен жүйелілікті, білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тәсілдерді қолдана алатын нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтсақ, Ы.А.Амангельдыева , Г.К. Мукашева, Л.Р.Сабирова, А.С. Бөлендінің сабақтары жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТны қолдану, коммуникативті қарымқатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді таңдай білуінің дәлелі болды. Саяхат жасау және сахналау сабақтарын өте жоғары деңгейде ұйымдастыра білетінін бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды даярлық топтарының тәрбиешісі И.С.Баренова мен А.Е. Садуакасованың сабақтарынан байқалды.
Жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамытуда «Бөбек»қорының бағдарламасы бойынша енгізілген «Өзін-өзі тану»пәнінің қосып отырған үлесі мол екенін Ж.К.Абаеваның өткізген ашық сабағынан көруге болады. Кезінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы, яғни ұстаз білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шыкпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін ұстаз» – деп айтқан болатын XXI ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпы еуропалық стандартқа сай жаңа білім беру – жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол! Ұстаздардың шығармашылық қабілеті, жаңашылдық әрекеттері, біліктілігі, физиологиялық және психикалық сапасы, педагогикалық кәсіптік біліммен сәйкестенеді. Бұл педагогикалық бағытта оқытушы мен оқушының өзара ықпалы, өзара дамуда, ынтымақтастықтан теңгермешілікке, дамудың жоғарғы деңгейіне жетуде мәні зор екенін байқатты.



